Ғаламторда Елбасының сөйлеген сөздерін қамтитын кітап жарияланды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Президентінің дербес парақшасына Елбасының сөйлеген сөздерін қамтитын «Темірқазық» атты кітап жүктелді. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметінің Фейсбуктағы парақшасында хабарланды.

«Қалың оқырманға арналған кітапта Қазақстан Президентінің әр жылдардағы түрлі тарихи оқиғаға орайластырылған, «Тәуелсіздік тұғыры», «Тарихи тамырлар», «Алаш арыстары» және «Мәңгілік мұрат» тәрізді шартты атаумен жүйеленген сөздері жүйеленіп, реттеліп топтастырылып берілген», делінген хабарламада.

Қазақ тілінде жарияланған кітаптың толық нұсқасын мына сілтеме арқылы көруге болады.