Ғаламторда ресейлік әскери роботтардың сынақтан өткізілген сәті түсірілген видео пайда болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің вице-премьері Дмитрий Рогозин әлеуметтік желілерге ресейлік әскери роботтардың сынақтан өткізілген сәті түсірілген видеоны жариялады, деп хабарлайды РИА Новости.

«ӘӨК әскери барлаушы және жойғыш роботтарды сынақтан өткізуде», - деп түсіндірген ол Facebook-та. «Мықты темір жігіттер бұзық жігіттермен есеп айырысуда», - деген ол бұған қоса.