ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі www.enbek.kz веб-сайтының алғашқы нұсқасы әзірленіп, тиісті ақпараттық материалдар орналастырылды. Оған кірген адам өз түйіндемесін қалдыра алады. Сондай-ақ, республика бойынша бос жұмыс орындарын табуға болады. «Сайтта мамандықтың атын енгізе отырып, ел аумағы бойынша оған деген сұранысты анықтауға мүмкіндік бар. Бұдан басқа, белгілі бір облыста аталған маманды іздеп жатқан жұмыс берушіні табуға болады», - дейді Жұмысқа орналастыру мәселелері жөніндегі ақпараттық талдау орталығының президенті Алма Даутова.
Әзірше бұл сайт жоба үлгісінде жұмыс істеуде. Болашақта тиісті ұсыныстарды ескере отырып, оны толыққанды іске қосу жоспарланған.