Әйелдер арасында 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалда Галбадрах моңғол спортшысы Мунхбат Урванцэцэгке есе жіберді. Қазақстандық спортшы ақтық сынға дейін Вьетнам дзюдошысы Тин Хоан Хи, индонезиялық Терри Кусумавардани Сусанти мен жапондық Фуны Тонакиді жеңді.
Ал, Елдос Жұмақанов ерлер арасындағы 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалда Олимпиада-2016 күміс жүлдегері оңтүстіккореялық Ан Ба Улудан ұтылып қалды.