Ғалым Мәмбетәлиев «Барыс» командасына бас бапкер болып тағайындалды
АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық маман Ғалым Мәмбетәлиев «Барыс» хоккей клубының бас бапкері қызметіне тағайындалды.
Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті. Қазірге дейін бас бапкер қызметін атқарған Вячеслав Буцаев оған көмекшілік жасайтын болды. Сондай-ақ бапкерлер тізімінде Евгений Королев пен Олег Ромашко бар.
Ғалым Мәмбетәлиев 1965 жылы дүниеге келген. Спорттық мансабында 1980-2002 жылдар аралығында ресейлік және қазақстандық клубтардың намысын қорғады. 2002 жылдан бері бапкерлік қызметпен айналысады.
Бұған дейін елордалық клубта 2004-2005, 2017-2018, 2023 жылдарда бас бапкер және көмекшісі қызметтерін атқарды. Сондай-ақ, еліміздің ұлттық құрамасына 2018, 2023 жылдарда жетекшілік етті.
Салдарынан биыл бас бапкер қызметіне тағайындалған канадалық маман Дэвид Немировски қызметінен шеттетілді.
Оның орнына ресейлік маман Вячеслав Буцаев «Барыс» хоккей клубына бас бапкер болып тағайындалған еді.
Қазір елордалық клуб Құрлықтық хоккей лигасындағы турнир кестесінде соңғы орынды місе тұтып тұр.
Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» командасының бас директоры тағайындалды.