Solarstill Box деп аталатын құрылғыны Кореяның озық ғылым және технология институтының зерттеушілері әзірлеген.
Жаңа технология күн энергиясының көмегімен жұмыс істейді және тәулігіне 7,5 литрге дейін ауызсу өндіруге мүмкіндік береді.
Құрылғы Танзанияда сынақтан өткен. Әзірлеушілердің болжамынша, оның бір данасының құны 20 доллардан аспайды. Бұл таза ауызсу тапшылығы байқалатын өңірлер үшін технологияны қолжетімді етуі мүмкін.
– Құрылғы күн энергиясының көмегімен жұмыс істейді және тәулігіне 7,5 литрге дейін ауызсу өндіре алады. Технология Танзанияда сынақтан өтті. Бір құрылғының болжамды құны 20 доллардан төмен болады, – делінген жоба туралы ақпаратта.
Халықаралық байқауда барлығы бес инновациялық жоба үздік деп танылды. Олардың қатарында медицина, өнеркәсіп қалдықтарын қайта өңдеу, энергия сақтау және жеке деректерді қорғау салаларындағы әзірлемелер бар.
Жеңімпаздарға ғылыми зерттеулерін одан әрі дамыту үшін жалпы көлемі 100 мың доллар бөлінді.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда Ақтөбе, Ақмола және Қызылорда облыстарындағы 14 ауылдың 45,5 мыңнан астам тұрғыны сапалы ауызсумен қамтылғаны хабарланған еді.