Ғалымдар тарихтағы ең үлкен қара құрдымдардың бірігуін тіркеді

Фото: The Guardian

АСТАНА. KAZINFORM — Ғалымдар Құс жолынан алыстаған сайын бір-біріне жақындап келе жатқан екі үлкен қара құрдымның соқтығысуы нәтижесінде кеңістік-уақыттағы толқындарды анықтады, деп хабарлайды The Guardian

Толқындарды Вашингтон мен Луизианадағы LIGO гравитациялық толқын детекторлары анықтады.

Әрқайсысының массасы Күннен 100 есе үлкен қара құрдымдар ұзақ уақыт бойы бір-бірін айналып өтіп жүрген және ақырында соқтығысып, Жерден 10 миллиард жарық жыл қашықтықта өте үлкен қара құрдымның пайда болуына жол ашқан.

Ғалымдар мұндай үлкен қара құрдымдар жұлдыздардың қалыпты эволюциясының нәтижесі болуы мүмкін емес дейді. Бұл нысандар бұрынғы бірігулердің нәтижесі болуы мүмкін.

Еске сала кетейік, Қытайда ғарышты зерттеу жөніндегі халықаралық қауымдастық жұмыс істей бастады