Тышқандар кез келген бағытта қозғалуға мүмкіндік беретін арнайы айналмалы шарға орналастырылып, қозғалу кезінде оларға әртүрлі суреттер мен бейнелер көрсетіледі. Бұл ретте ғалымдар жануарлардың нейрондық белсенділігін жазып, олардың реакциясын бақылайды.
— Тышқандар генетикалық деректер, лабиринттерді шарлау қабілеті және ірімшік үшін жұмыс істеуге дайындығының арқасында ұзақ уақыт бойы мінез-құлық және неврологиялық зерттеулердің танымал моделі болды, — делінген зерттеу тобының мәлімдемесінде.
Ғалымдардың сөзінше, тышқандар және VR көзілдіріктерімен эксперименттер жалғасады: олар Альцгеймер ауруына ем іздеуде мидың пайдалы жұмысы туралы жаңа деректерді бере алады.
Айта кетейік, әлемде 55 млн-нан астам адам деменциядан зардап шегіп жүр. Бұл көбіне емі әлі табылмаған Альцгеймер ауруымен байланысты.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, ғалымдар -10 градуста асфальт төсеуге мүмкіндік беретін қоспа ойлап тапты.