Report агенттігінің хабарлауынша, зерттеу нәтижелері JCI Insight журналында жарияланған.
IL1RAP қабыну сигналдарын беруге қатысады. Ол ісік жасушаларын, иммундық жасушалар мен фибробласттарды байланыстырып, ісіктің дамуына және емге төзімді болуына ықпал етеді.
Клиникаға дейінгі зерттеулерде IL1RAP-ты бұғаттау ісіктегі иммундық жүйенің белсенділігін басатын жасушалар мен фиброздың мөлшерін азайтып, Т-жасушаларының белсенділігін арттырған. Соның нәтижесінде ісіктер біріктірілген емге жақсырақ жауап берген.
Ғалымдар бұл тәсілді операция жасауға болатын ұйқы безі обырына шалдыққан науқастарды клиникалық сынақта тексеруді жоспарлап отыр. IL1RAP-қа бағытталған емді операцияға дейін химиотерапия және иммунотерапиямен қатар қолдану көзделген.
Зерттеушілердің айтуынша, емді операцияға дейін жүргізу ісік тінін терапияға дейін және одан кейін салыстыруға, сондай-ақ оның микроортасындағы өзгерістерді бағалауға мүмкіндік береді.
Еске сала кетейік, елімізде соңғы жылдары онкологиялық аурулардан болатын өлім-жітім 26,6 пайызға төмендеген. Сонымен қатар қатерлі ісікті бастапқы кезеңде анықтау көрсеткіші 36,8 пайызға жетіп, асқынған жағдайлар 7,5 пайызға азайған.
Жапонияда өңештің қатерлі ісігін емдеуге арналған әлемдегі алғашқы онколитикалық вирустық препараттың коммерциялық сатылымы басталды.