Ғалымдардың саны бойынша Қазақстан ТМД елдері арасында көш соңында тұр

Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмысты (ҒЗТКЖ) орындайтын персонал саны бойынша 10 мың қызметкерге шаққанда Қазақстан ТМД елдері арасында аутсайдерлер қатарында: бар болғаны 25 адам, оның 19-ы ғана - зерттеуші мамандар. Kazinform бұл туралы Еnergyprom мониторинг ресурсына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Pixabay

Салыстырмалы түрде айтсақ, Ресейде 10 мың қызметкерге ҒЗТКЖ-мен айналысатын 92 қызметкер (оның 47-сі зерттеуші мамандар), Беларусьте — 53 (оның 34-і зерттеуші), Арменияда — 49 (38-і ғылыми қызметкер).

Тіпті территориясы мен халық саны жағынан айтарлықтай шағын Молдова да Қазақстан Республикасынан алда (10 мың адамға 49 ғалым), сондай-ақ Әзербайжан да (40 ғалым) көшілгері.

Бұл — 2021 жылдың көрсеткіші. Содан бері Қазақстанда жағдай жақсарды ма?

Көп өзгермеген. Мәселен, 2021 жылы ҒЗТКЖ қызметкерлері саны 21,6 мың адамды құраса, 2022 жылы ол 3,9%-ға ғана өсіп, 22,5 мың адамға жеткен.

Салыстыру үшін: 2015 жылы бұл көрсеткіш 24,7 мың адамды, 2014 жылы 25,8 мың адамды құрады.

Ғылым және жоғары білім министрі өз елінде орын таппаған қазақстандық ғалымдардың шетелде өзге елдердің экономикасының игілігі үшін жемісті еңбек етіп жатқанын айтты.