Ғалымжан Кенжебек «Елімай» командасының сапына ауысты

Фото: ҚФФ

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық футболшы Ғалымжан Кенжебек семейлік «Елімай» командасына ауысты.

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы 2003 жылы Тараз қаласында дүниеге келген. Алматылық «Қайрат» командасының академиясында тәлім алған ол үлкен футболдағы алғашқы қадамын 2020 жылы аталған клубтан бастады. Одан кейін «Мақтарал» (Түркістан облысы), «Жеңіс» (Астана), кипрлік «Акритас Хлоракас», словакиялық «Кошице» клубтарында доп тепті.

Қазақстан ұлттық құрамасы сапындағы алғашқы кездесуін 2024 жылы өткізді. Қазірге дейін 6 ойында бір голдың авторы атанды. Сондай-ақ ол еліміздің 17, 19, 21 жасқа дейінгі жасөспірімдер және жастар құрамаларында ойнады. 

Еске салсақ, бұдан бұрын Босния және Герцеговина құрамасының жартылай қорғаушысы Иван Башич «Астана» футбол клубымен келісімшартқа қол қойды.