Ғалымжан Өмірәліұлы Молдаш Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін, Қазтұтыну одағы Қарағанды экономикалық университетін және Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін бітірген.
Құқықтық және экономикалық білімі бар. Еңбек жолын 1999 жылы «Заңгер» ЖШС заң агенттігі директорының көмекшісі болып бастады.
2000-2008 жылдары Астана қаласы Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау департаментінің жетекші маманы, бас маманы, бөлім басшысы, департамент басшысының орынбасары болды.
2008-2010 жылдары Астана қаласы қаржы басқармасы басшысының орынбасары, 2010-2011 жылдары Астана қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары, 2011-2018 жылдары Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы, 2020-2022 жылдары ҚР Білім және ғылым министрлігі Ішкі аудит департаментінің директоры, 2022 жылғы наурыздан қазанға дейін ҚР Білім және ғылым министрлігі Қаржы және бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры, 2022 жылғы қазаннан 2023 жылғы қарашаға дейін ҚР Оқу-ағарту министрлігі Бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры қызметін атқарған.