САППОРО. ҚазАқпарат - Бүгін Жапонияның Саппоро қаласында өтіп жатқан VІІІ қысқы Азия ойындарында биатлоншы қыздарымыз бір алтын, бір қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Саппородағы ҚазАқпарат тілшісі.
Бүгін биатлоннан із қуу жарысынан 10 шақырым қашықтықта отандасымыз бір алтын, бір қола медаль жеңіп алды. Алтын медальды Галина Вишневская қанжығасына байласа, тағы бір отандасымыз Дарья Усанова мәре сызығын үшінші болып кесіп, VІІІ қысқы Азиада ойындарының қола жүлдегері атанды. Ал екінші орынға қытайлық спортшы Ян Чжан тұрақтады.
Сонымен бүгін биатлоншыларымыз Қазақстан құрамасына 1 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль сыйлады.
Естеріңізге сала кетейік, кеше биатлонның спринттік 7,5 шақырымында Галина Вишневская тағы да мәре сызығын бірінші болып кесіп чемпион атанған болатын.
фото:Ізтұрған Алдауев
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.