Қазақстандық-қытайлық жұп бірінші айналымда тайлық-қытайлық дуэт Варатчая Вонгтеанчай мен Сяоди Юды 6:7(4), 6:0, 10:4 есебімен ұтты. Ширек финалда Воскобоева мен Хань америкалық-қытайлық жұп Ракель Атаво мен И-Фань Сюмен бақ сынайды.
Өкінішке қарай, Галина жекелей сында өткен алғашқы матчта болгарлық теннисші Цветана Пиронковаға 4:6, 7:5, 3:6 есебімен ұтылды.