Галина Воскобоева «Уимблдонның» негізгі кезеңіне өтті

АСТАНА. 21 маусым. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Галина Воскобоева маусымның ең беделді бәсекесі «Уимблдонның» негізгі кезеңіне өтті.

Бұл туралы Vesti.kz . жазады.

Жерлесіміз біліктілік кезеңінің үш кездесуінде де қарсыластарына дес бермеді. Ақтық сында ол итальяндық Настасья Барнеттпен кездесті. Тартысты ойын екі сағатқа созылып, 3:6, 6:2, 6:4 есебімен қазақстандық теннисшінің пайдасына аяқталды. Бүгін Г.Воскобоеваның «Уимблдонның» алғашқы айналымындағы қарсыласының есімі белгілі болады.

Ал еліміздің тағы бір спортшысы Сесиль Каратанчева болса, біліктілік кезеңнің ақтық кездесуінде 6:7, 6:3, 2:6 есебімен австриялық Ивонн Мойсбургерге есе жіберді.