Ғалия Тынбаева әлемдік рейтингте алғашқы ондыққа енді

Фото: Фото: ҚР ҰОК

АСТАНА. KAZINFORM – Дзюдодан Қазақстан әйелдер командасының мүшесі Ғалия Тынбаева IJF рейтингінде екі сатыға жоғарылады. Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитет мәлімдеді.

48 келі салмақта белдесетін Ғалия 12-орыннан 10-орынға көтерілді. Тынбаеваның еншісінде 3779 ұпай бар.

Айта кетелік, Ғалия Тынбаева Хорватияның Загреб қаласында өткен әлемдік Гран-при турнирінде күміс медаль иеленген болатын.

Ал мамыр айында Астанада өткен Grand Slam додасында алғаш рет топ жарды.