Ғалия Тынбаева дзюдодан Азия чемпионатының қола жүлдесін еншіледі

Фото: Фото: Қазақстан дзюдо федерациясы

БАНГОК. KAZINFORM – Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының өкілі Ғалия Тынбаева қола жүлдеге ие болды.

Спортшы 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғады. Қола жүлде үшін өткен белдесуде Тынбаева Тайбэйден барған Чен Хао Линьге қарсы шықты. Қазақстандық дзюдошы белдесуді сенімді өткізіп, жеңіске жетті.

Айта кетейік, 25 сәуірде 60 келіге дейінгі салмақта Шерзод Довлатов пен Нұраділ Әлжан, сондай-ақ 66 келіге дейінгі салмақта Ержан Еренғайыпов қола медаль үшін күресетін болады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Таиланд астанасы Бангкокте дзюдодан Азия чемпионатында қазақстандық төрт балуан қола жүлдеге таласатынын хабарлаған едік.