Ғалым 60 темекіден кейін өкпенің қандай күйде болатынын видеоға түсірген - ВИДЕО

АСТАНА. ҚазАқпарат - Медициналық қызметкер өкпені темекі түтінімен демалдырып, кейін органдарда болатын өзгерістерді бақылап отырған. Ғалым 60 темекіден кейін өкпе не күйде болатынын видеоға түсірген. Гонконгта Янь Чи медициналық мектебінің оқытушысы Райан О оқушыларына темекі шегетіндердің өкпесімен не болатынын көрсеткісі келген.

The Daily Mail хабарлағандай, өз тәжірибесінде шошқаның өкпесін пайдаланған. Өкпенің бір бөлігіне таза ауа барса, екіншісіне компрессор ауамен бірге темекі түтінін жеткізіп отырған. Осылайша 60 темекінің түтіні өкпеге барған соң, Райан О тәжірибені тоқтатып, қорытындысын студенттеріне көрсеткен. Таза ауа жұтқан органдар сол қалпы қалған екен. Ал темекінің түтінін сіңірген өкпеде никотиннің салдарынан сары түс пайда болған. Сонымен бірге, шылымдағы шайырдан тыныс жолы қарайып, толып қалған.