Ведомствода өткен отырыста республикалық ономастика комиссиясы тиісті шешімді қабылдаған, Павлодар педагогикалық университетіне ғалым Әлкей Марғұланның есімін беру туралы ұсынысты қолдады.
«Қазіргі уақытта ономастика комиссиясы ауқымды да маңызды жұмыстар атқарып жатыр. Өздеріңіз білетіндей, бұрын жаңа облыстарды атауға, Қапшағай атауын Қонаев деп өзгертуге және т.б. қатысты маңызды шешімдер қабылданған болатын, мұнда қаралған мәселелер жергілікті тұрғындардың пікірін ескеріп, мәслихаттардың шешімімен қабылданады», - деп атап өтті Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев.