АСТАНА. ҚазАқпарат – Ғалым Мәмбетәлиев хоккейден Қазақстан құрамасының бас бапкері болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Барыс» хоккей клубынан мәлім еткеніндей, Қазақстан хоккей федерациясы атқару комитетінің жиналысы болып, онда бапкерлік штаб бекітілді.
Алда болатын Кореямен жолдастық кездесулер, Ресей мен Беларусьтің қатысуымен болатын турнир және 2023 жылғы әлем чемпионатын ұлттық құрама мына мамандардың басшылығымен өткізеді.
Бас бапкер – Ғалым Мәмбетәлиев.
Бапкер – Александр Высоцкий.
Бапкер – Ерлан Сағымбаев.
Қақпашылар бапкері – Александр Шимин.
Бапкер – Александр Березенский.
Бас менеджер – Глеб Каратаев.
Айта кетейік, Ғалым Баубекұлы бұдан бұрын 2017 жылы әлем чемпионатында (1А) Қазақстан құрамасын жаттықтырған еді. Сондай-ақ қысқы универсиадада Қазақстан студенттер құрамасымен бірге қола жүлдеге қол жеткізді. Ғ.Мәмбетәлиев – өткен маусымның қорытындысы бойынша Pro Hokei Ligasy чемпионы атанған астаналық «Номад» клубының бас бапкері.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).