Бүгін ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов ведомство ұжымына жаңа басшыны таныстырып, мемлекеттік органның алдында тұрған міндеттерді айқындады.
«Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауды есепке алып, Бәсекелестікті қорғау агенттігінің алдында ЕЭК және КО елдерінің тауар нарықтарына отандық кәсіпорындардың тең қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ бизнес жүргізу, бәсекелес орта үшін қолайлы жағдай жасау жөніндегі маңызды міндеттер тұр», - деп Үкімет басшысы атап өтті.
Премьер-Министр Агенттік ұжымына алға қойылған міндеттерді шешуде табыстар тіледі. Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылдың 21 қаңтарында Ғ. Оразбақов Қазақстанның Ресей Федерациясындағы елшісі қызметінен босатылған болатын. Бұның алдында Қазақстанның Индустрия және сауда министрі қызметін атқарған.