Жекпе-жек Мәскеуде ұйымдастырылған бокс кеші аясында өтті. Спортшылар жартылай орта салмақта жастар арасындағы WBC Asia титулын сарапқа салды. 10 раундқа есептелген айқас бесінші раундта тоқталды – Шағатайдың оппоненті одан әрі жұдырықтасудан бас тартты.
Бұл, П.Садоянның қарсыласынан алғаш рет ұтылуы. Ал, Ғ.Шағатай кәсіпқой-рингтегі қатарынан бесінші жеңісіне жетті.
Айта кетейік, қазақстандық боксшының профи-бокстағы дебюті 2019 жылдың ақпанында болды. Ал тамыз айында Мәскеуде ресейлік Александр Салтыковты нокаутқа жіберіп, бірінші орта салмақтағы ProBox нұсқасы бойынша ТМД чемпионы атағын жеңіп алған болатын.