Ғалым Т. Дарқанбаевтың 100 жылдығына арналған кітаптар жарық көрді

АЛМАТЫ. Қазанның 28-і. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/- Алматыда академик, қазақстандық биохимияның негізін салушы, ғалым-биохимик Темірбай Дарқанбаевтың 100 жылдық мерейтойына арналған екі томдық кітап жарық көрді. Біріншісі - «Таңдаулы шығармалар», екіншісі - «Естеліктер» деп аталады.

Кітаптар «Қазақ университеті» баспасынан әрқайсысы 500 данамен басылып шықты.

Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұловтың редакторлығымен басылып шыққан кітаптың бірінші томында ғалым, қоғам қайраткерінің әр жылдары жазылған ғылыми мақалалары енгізілсе, екінші кітап Темірбай Дарқанбаевтың шәкірттері мен әріптестерінің естеліктерінен құралған.