Мұндағы мақсат жастарға еліміздің дінге қатысты ұстанымдарын түсіндіру мен оларды түрлі зиянды ағымдардан сақтануға шақыруды көздейді. Шараға Алматы қалалық Орталық мешітінің наиб-имамы Мәди Ахметов пен университет проректоры философия ғылымдарының докторы, профессор Ұлықпан Сыдықов және басқа да ғалым-теологтар қатысты.
«Қазіргі таңда елімізде жастардың дінге бет бұруы қарқынды жүруде. Алайда мемлекетіміз зайырлы болғандықтан діни секталар мен әр түрлі ағымдардың да белең алып тұрғаны белгілі. Осы орайда жастарымыздың алдау мен арбауға түсіп қалмасы үшін, діни сауаттарын арттыру бағытында осындай пікір алмасу өткізіп отырмыз», - деді Ұ. Сыдықов.
Кездесу барысында имам дін туралы, оның қоғамдық мәні жайында мәліметтер айтты. Сонымен бірге, студенттердің сұрақтарына имам мен ғалымдар жауап берді.