Ғалым және педагог Ханиса Қанышқызы Сәтпаева дүниеден озды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылы 11 маусымда 94 жасында ҚазКСР-ге еңбегі сіңген ғылыми қызметкер, медицина ғылымдарының докторы, С. Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ құрметті профессоры, Қазақстанның валеологияның негізін қалаушы Ханиса Қанышқызы Сәтпаева - белгілі академик Қаныш Сәтпаевтың үлкен қызы өмірден озды.

Ханиса Сатпаева Қазақ Ұлттық медицина университетінің ұжымы отандық денсаулық сақтаудың алтын қорының өкілдерінің бірі. Ғылымда есімін қалдырған адам. Ұлы Ғалым және Педагог.

X. Қ. Сәтпаева кәсіби өсімнің барлық кезеңінен өтті. 1974 жылдан 1991 жылға дейін  АММИ-дің алдыңғы қатарлы кафедраларының бірі - қалыпты физиология кафедрасын басқарды.

12 жылдай емдеу факультетінің деканы болды. 1995 жылы профессор Сәтпаева Қазақстанда алғаш рет медициналық және педагогикалық ЖОО арналған «Адам физиологиясы» оқулық шығарды. Бұл кітап 2009 жылы қайта басылып шығарылды.  Осы еңбегі үшін Ханиса Қанышқызы А.Байтұрсынов атындағы медальмен марапатталды.

Оның басшылығымен Қазақстанның барлық ЖОО-ларында валеология курсын енгізу бойынша үлкен шаруа атқарылды. Валеология бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде оқу-әдістемелік құрал басып шығарды (1999, 2007, 2009 жж).

Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университет Ханиса Қанышқызы Сәтпаеваның туыстары мен жақындарына көңіл айтады.