Ғалым Жайлыбайдың «Тобылғыжарған» жыр жинағы Қазақстан Мемлекеттік сыйлығына үміткерлер қатарында

АСТАНА. ҚазАқпарат – Ғалым Жайлыбайдың «Тобылғыжарған» атты жаңадан жазылған өлеңдер, толғау және поэмалары жинағы 2014 жылғы ҚР Мемлекеттік сыйлығын алу үшін ұсынылды, деп жазады «Казахстанская правда» газеті.

Халықаралық «Алаш» сыйлығы мен Ресей Жазушылар ұйымының Сергей Есенин алтын медалiнiң иегерi, ақын Ғалым Жайлыбай « Жанымның жапырақтары», «Жүрегiмнiң жұлдызы», «Құс қанаты», «Қарашығымдағы қара өлең», «Ардакүрең» атты жыр жинақтарының, сонымен қабар соңғы жылдары ғана қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген "Ақ сиса" - "Белый ситец" ("Олжас кітапханасы" баспа үйі) поэмасының авторы.

Әдебиет сыншысы Бақытжан Абызов Ілияс Жансүгіровтің «Құлагері» мен Ғалым Жайлыбайдың «Ақ сиси» поэмалары арасындағы ұқсастықтарды атай келе, оны біздің заманның «Құлагері» деп атауы тегінен болмаса керек. Айта кетерлігі, ресейлік танымал ақын Сергей Мнацаканянның аудармасымен орыс тілінде жарық көрген Ғ.Жайлыбайдың бұл поэмасы Башқұрстан астанасы Уфада өткен түркі тіліне аудармалар халықаралық фестивалінде бірінші орынды иеленген еді . «Ақ сиса» поэмасы Фариза Оңғарсынованың алғысөзімен «Тобылғыжарған» жинағына еніп отыр.

«Қазiр поэма жазатындар азшылық қой… Айтқым келгенi, мен поэманы өте сүйсiне оқыдым. Әсерлендiм, ақынның қалам қуатына тәнтi болдым», - деп жазады Фариза ақын. Сонымен қатар Фариза Оңғарсынова Ғалым ақынның әр өлеңі астарлы ой, тегеурінді теңеулерге толы екендігін баса атап өткені есте. «Тобылғы – қазақ ұғымында киелi өсiмдiктiң бiрi «Тобылғыжарған» сөзi тек сайыннан сағым қашқан Сарыарқада жиiрек қолданылады… Қазақтың қазақы болмысы бұзылмай тұрған шақтағы қыр сұлуларының күмiстен құйылған, сыңғыр еткен сайын жанарыңды жаулап, жарқ ететiн шашбау-түймелерiндей Ғалымның да өзгеше өрiлген өлеңдерi сол қатарда тұруы хақ», - деп жазған еді Ф.Оңғарсынова.