- Ғалымбек Жақсылықұлы, Кәсіпкерлер палатасының құрылғанына да 3 жыл толыпты. Палата осы уақыт аралығында қандай нәтиже көрсете алды?
- Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы - «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының құрылымдық бөлімі болып табылады. Кәсіпкерлер палатасы бизнесті қолдау және қорғау бойынша басты қоғамдық институт.
Мақсаты, аймақта кәсіпкерліктің өсуі мен одан әрі дамуы үшін институционалдық негіздерді қалыптастыру. Ал міндеті: кәсіпкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау, сондай-ақ бизнестің жүйелі жүргізілуі үшін кәсіпкерлерді заңнамалық және өзге де нормативтік ережелердің қалыптасу процесіне кеңінен қатысуына жағдай жасау болып табылады.
Осы уакытқа дейин палатаның қол жеткізген нәтижесі ретінде - облыстық әкімдікпен бірге бірнеше жол карталарын жасағандығын, атап айтқанда, Кәсіпкерлікті дамыту, сондай-ақ агроөнеркасіпті дамытуға арналған карталарды әзірлеп, жүзеге асыруға қатысып жатқандығымызды айтуға болады. Сондай-ақ қала мен барлық ауданда Кәсіпкерлерді қолдау орталықтарын ашуға қол жеткізе алдық.
Кәсіпкерлер палатасы мен аудандардағы филиалдарымызда прокурор кабинеттерін ашуға қол жеткіздік. Палата жанынан бухгалтерлер клубы мен заңгерлер клубын аштық. Мұнан өзге палата жанында Өнірлік кеңес, Кәсіпкерлердің құқығын қорғау кеңесі, Іскер әйелдер кеңесі тиімді жұмыс жасауда. Және ең басты қол жеткізгеніміз - Микробизнес-Қызылорда жобасы.
- Қателеспесем, осыдан екі жыл бұрын барлық ауданда және қалада Кәсіпкерлікті қолдау орталықтары ашылды. Орталықтың атқаратын қызметі қандай?
- Өзіңіз де көріп отырсыз, қазір кәсіпкерлікке көзқарас түбегейлі өзгерді. Бұған Мемлекет басшысының қолдауымен бизнес пен биліктің тиімді әріптестігі негізінде кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдайларды қалыптастыру мақсатында құрылған Ұлттық кәсіпкерлер палатасы айқын дәлел.
Бүгінде кәсіпкерлер палатасы өз жұмысын жыл емес, ай сайын жандандырып, ел экономикасын өрге сүйреуде айрықша белсенділік танытып отыр деп есептеймін. Отандық кәсіпкерлерді бір шаңырақ астына жинауды мақсат тұтқан ұйым бүгінгі күнге дейін еліміздің барлық өңірлерінде аймақтық кәсіпкерлер палаталарын ашып қана қоймай, шағын қалалар мен аудан орталықтарында палата филиалдарының жұмысын ұйымдастырып, кәсіпкерлік қызметті қолдауға нақты қадамдар жасауда.
Біздің облысымызда да барлық аудандарда Палатаның филиалдары құрылған. Ендігі міндет - барлық бизнес қауымдастықтың жұмылдырылуын қамтамасыз ету. Ол үшін бізде мүмкіндік бар, себебі заңға сәйкес барлық кәсіпкерлер Ұлттық кәсіпкерлер палатасының мүшелері болып табылады.
Осы жерде, Палатаның атқарған жұмыстарына қысқаша тоқталып өтейін. Қазіргі таңда Палата кәсіпкерлерді құқықтық қорғау, консультациялық-сервистік қолдау, бизнесті дамытуға оңтайлы жағдай жасау үшін талдау жұмыстарын жүргізу, облыстың инвестициялық жобаларын сүйемелдеу, адами капиталды дамыту бағыттары бойынша жұмыстар жүргізуде.
Қазір Палата 20-дан астам қызмет түрі бойынша кәсіпкерлерге тұрақты әрі тегін қызмет көрсетуде. Оның ішінде: бухгалтерлік және салықтық есепті жүргізуге қатысты қызметтер, кедендік рәсімдер бойынша қызметтер, менеджмент жүйелерін енгізу бойынша кеңес беру, заң қызметтері, ақпараттық технологиялар бойынша қызметтер,мемлекеттік сатып алулар және жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алулары бар. Сонымен бірге маркетинг мәселелері және бизнес-жоспар әзірлеу, сот органдарында сүйемелдеу, рұқсат ету рәсімдерін алу кезіндегі көмек, жобаларды сүйемелдеуге және тауарларды өткізуде ықпал ету міндетімізге кіреді. Бүгінгі таңда Палатамен кәсіпкерлерге арналған қызметтер «Даму» қорындағы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында, Палата жанындағы кеңес беру орталығында және барлық аудандардағы филиалдарда көрсетілуде.
Палатаның құрылған сәтінен бері кеңес беруге жүгінген 11 мыңнан астам кәсіпкерге 25 мыңнан астам кеңес берілді.
Соның ішінде «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасының «Бизнесті сервистік қолдау» бағыты аясында жылдық жоспар 2,6 есеге артығымен орындалып, 3 849 кәсіпкерге қызмет көрсетілді. Аталмыш қызметтердің жартысынан астамы 46 па пайызы ауылдық елді мекендердің кәсіпкерлеріне көрсетілген.
Қызметтердің ішінде бухгалтерлік есеп жүргізу, заң қызметтері, сондай-ақ бизнес-жоспарлар және мемлекеттік сатып алу қызметі аса жоғары сұранысқа ие.
Биылғы жылдың өзінде бизнес-мектеп тарапынан бизнес-кеңесші курсынан 846 адам оқып шықты. Бизнес өсу 65 адам, жобалық оқыту 70 адам болды. «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы аясында 115 ауылдық елді-мекендерлің тұрғындары оқып шығып, оның нәтижесінде олар мемлекеттік бағдарламаға қатыса алады.
Кәсіпкерлерге сервистік қолдау Қызылорда қаласында Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында және Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының Кеңес беру орталығында, сонымен қатар Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының 7 аудандағы филиалдарында көрсетіледі.
- Палатаның құзыретіне кәсіпкерлердің құқығын қорғау кіреді дедіңіз. Кімнен және қалай қорғайсыздар?
- Кәсіпкерлердің құқығы мен заңды мүдделерін қорғау - Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы қызметінің басты бағыттарының бірі болып табылады.Осы орайда, Палатамен тұрақты түрде кәсіпкерлерге кәсіби құқықтық көмек көрсетіліп, кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделері жергілікті мемлекеттік, құқық қорғау органдарында және сот отырыстарының барлық сатыларында қаматамасыз етіледі.
Осылайша, Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының құрылғанынан бері кәсіпкерлік субъектілерінен 450-ден аса өтініш келіп түсті, оның ішінде 300 аса мәселе (жалпы келіп түскен өтініштердің 60 %) кәсіпкердің пайдасына шешілді, сонымен қатар, кәсіпкерлердің құқықтары 1 млрд. 128 млн. 437 мың теңгеге қорғалып қалпына келтірілді. Осы жылдың 9 айының өзінде, Палатамен кәсіпкерлерден келіп түскен 162 өтініш қаралып, 128 млн. теңге көлемінде 35 кәсіпкердің құқықтары қорғалды.
Кәсіпкерлерден келіп түскен өтініштердің басым бөлігі жер қатынастар, қала және қала құрылысы салаларындағы жергілікті атқарушы органдардың әрекетіне келеді - өтініштердің жалпы санының 17%, маңыздылығы бойынша екінші кезекте тұрған салық салу - 11%, мемлекеттік сатып алу - 10%, сонымен қатар, қазіргі таңда аталған мәселелердің қатарында монополиялық жағдайға ие газ, электр энергиясымен жабдықтаушы субъектілерінің әрекетіне байланысты мәселелер де жиі орын алуда.
Аталған көрсеткіштерді мысал ретінде келтірер болсақ, Палата мақсатсыз пайдаланды деген желеумен 129 кәсіпкердің жерлерін заңсыз алып қойған жергілікті атқарушы орган қаулысының күшін жоюға қол жеткізіп, кәсіпкерлердің жер учаскелерін кері қайтарып, құқықтарын қалпына келтірді.
Сонымен қатар, облыстық прокуратура, қалалық жер қатынастар бөлімімен бірлесіп жүргізілген жұмыстар нәтижесінде кәсіпкерлік субъектілерімен жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту барысында жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын белгіленген мерзімге ұзартып төлеу мүмкіндігі жүзеге асырылды. Ендігі жерде, аталған шаралар нәтижесінде бүгінгі күні Палатаға өтініш білдірген кәсіпкерлер 10 млн-ға жуық теңгені құрайтын кадастрлық құнды бөліп төлеу мүмкіндігін алды.
Сондай-ақ, электр энергиясымен жабдықтаушы мекемесі тарапынан кәсіпкерлерден пайдаланған электр энергиясы үшін қосымша есептелген сомманы төлеуді талап ету фактісі бойынша Палата кәсіпкерледің құқықтарын қорғап, олардың 3 млн. теңгеден аса қаражатын сақтап қалды.
Бүгінгі таңда, Палатаның сарапшылары кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша 75 аса сот отырыстарына қатысып, нәтижесімен сот процесстерінің 80% кәсіпкердің пайдасына шешілді.
Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша жұмыстарды күшейту мақсатында 2014 жылы Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының жанынан тұрақты жұмысшы орган - Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау кеңесі құрылды.
Ай сайынғы Кеңес отырыстарында кәсіпкерлік субъектілерінің заңды мүдделерін шектеуге, мемлекеттік органдардың әрекеті немесе әрекетсіздігіне байланысты орын алған нақты жағдайлардың шешілу жолдары қарастырылады.
Бүгінгі күні, Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау кеңесінің 13 отырысы өткізілді. Кеңес отырыстарында жүйелі түрде қалаптасқан 37 проблемалық мәселелер қаралып, нәтижесі бойынша 200-ден аса кәсіпкердің заңды мүдделері қорғалып, құқықтары қайта қалпына келтірілді және 9 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілкке тартылды.
- Қазір кәсіпкерлікті қаржыландыру десек, "Микробизнес Қызылорда" жобасы қатар айтылатын болды. Жалпы бұл жоба қалай пайда болды, басымдық кімдерге беріледі, нәтиже қандай?
- Биылғы жылдан бастап «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Қызылорда облысының әкімдігі бірлескен «Микробизнес Қызылорда» жобасын жүзеге асырылуда. Жобаға пилоттық режимде ҰКП 300 млн.теңге, облыс әкімдігі 360 млн.теңге бөлінді.
Жобаның ерекшелігі - ауылдық елді мекен кәсіпкерлерін қаржыландыруға бағытталған. Баршаға аян, ауыл кәсіпкерлері үшін банктерден кәсіпкерлік мақсатқа несие алу әжептәуір қиындық тудырады. Бұл жерде, кепілге қойылатын жылжымайтын мүлікке қойылатын қатаң талап және өзге де кедергілер жеткілікті.
Айта кету керек, жобаның мақсат-міндеті - микробизнесті дамыту арқылы жаңа жұмыс орындарын құру, жұмыссыздықты азайту, кооперацияның дамуына жағдай жасау, ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу және терең қайта өңдеу жобаларын іске асыру, өндірістік (қоймалар, мал сою цехтары, суытқыш және мұздатқыш камералар, логистика, МЖӘ негізінде МТС құру) және өткізу (Батыс Еуропа-Батыс Қытай трассасында шағын базарлар мен сауда павильондары) инфрақұрылымдарының дамуына жәрдемдесу, ішкі және сыртқы сауда базарлары мен дистрибьюторлық желіні біріктіру.
Жобаның бірыңғай операторы болып «Қызылорда» Өңірлік Инвестиция Орталығы» ЖШС белгіленді. Қазіргі таңда 672 млн теңгенің 107 жобасы іске асырылып, 400-ге жуық жұмыс орнын ашуға қол жеткіздік.
- Биыл ауыл шаруашылығы мамандарының біліктілігін көтеруге басымдық беріпсіздер. Осы жөнінде айтып өтсеңіз.
- Бүгінгі таңда «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен ҚР АШМ арасындағы келісім-шартқа сәйкес, биылғы жылдан бастап «Агробіліктілік орталығы» ЖШС құрылып, республикамыздың барлық өңірлерінде ауылшаруашылық тауар өндірушілерге арналған семинарлар өткізілуде.
Бір күндік семинарларға қатысу тегін, семинар қорытындысымен ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне сертификаттар берілді.
Семинарларды отандық және шетелдік сарапшылар теориялық және практикалық дәрістер жүргізді.Сонымен қатар, ауыл шаруашылық тауар өндірушілерге мемлекеттен көрсетілетін қолдаулардың барлық түрлері туралы ақпарат беретін «Атамекен» ҰКП, сонымен қатар қазіргі уақытта «Агробіліктілік орталығы» ЖШС жанынан құрылған fermers.kz сайты және Колл-Центр 88000808010 нөмірі толық қанды жұмыс істеп, ауылшаруашылық тауар өндірушілерге өздерінің қызықтырған барлық сұрақтарға жауап берді.
Қала-аудандар бойынша барлығы 33 өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы бағытында семинарлар жоспар бойынша өткізілді. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.
- Сұхбатыңызға рахмет.
***
Айта кетейік, Қызылорда өңірінде кәсіпкерлікті дамыту мақсатында бірқатар ерекше жобалар іске қосылды. Соның бірі «Кәсіпкерлер үйі». «Кәсіпкерлер үйінде» облыс кәсіпкерлері үшін қолайлы жағдай туғызу мақсатында облыстық кәсіпкерлер басқармасы, өңірлік кәсіпкерлер палатасы және кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы біріктірілген.
Аймақта кәсіпкерліктің өсуі мен одан әрі дамуы үшін институционалдық негіздерді қалыптастыру мақсатында Палатаға кәсіпкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау, сондай-ақ бизнестің жүйелі жүргізілуі үшін кәсіпкерлерді заңнамалық және өзге де нормативтік ережелердің қалыптасу процесіне кеңінен қатысуына жағдай жасау міндеттелген.
Осы ретте Қызылорда облысының іскерлік және инвестициялық тартымдылығын арттыру, бизнестің дамуы үшін тиісті шаралар қабылдануда.
Кәсіпкерлер палатасы мен аудандардағы филиалдарда прокурор кабинеттерін ашуға қол жеткізілді. Палата жанынан «Бухгалтерлер Клубы» мен «Заңгерлер Клубы» ашылды. Мұнан өзге палата жанында Өнірлік кеңес, Кәсіпкерлердің құқығын қорғау кеңесі, Іскер әйелдер кеңесі тиімді жұмыс жасауда. Және ең басты қол жеткізгені - «Микробизнес-Қызылорда» жобасы.
Жобаның тиімділігіне көз жеткізген Ұлттық кәсіпкерлер палатасы биылғы жылдан бастап қаржыландыруға үлес қосуда. Қазіргі таңда 672 млн теңгенің 107 жобасы іске асырылып, 400-ге жуық жұмыс орнын ашуға қол жеткізілді.
Қызылорда өңірлік инвестициялық орталығы - «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ТОП-10 озық жобаларының қатарына кірген айрықша жоба.
Бүгінде кәсіпкерлер палатасы өз жұмысын жыл емес, ай сайын жандандырып, ел экономикасын өрге сүйреуде айрықша белсенділік танытып отыр. Отандық кәсіпкерлерді бір шаңырақ астына жинауды мақсат тұтқан ұйым бүгінгі күнге дейін еліміздің барлық өңірлерінде аймақтық кәсіпкерлер палаталарын ашып қана қоймай, шағын қалалар мен аудан орталықтарында палата филиалдарының жұмысын ұйымдастырып, кәсіпкерлік қызметті қолдауға нақты қадамдар жасауда.
Ендігі міндет - барлық бизнес қауымдастықтың жұмылдырылуын қамтамасыз ету. Заңға сәйкес барлық кәсіпкерлер Ұлттық кәсіпкерлер палатасының мүшелері болып табылады.
Соның ішінде, «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасының «Бизнесті сервистік қолдау» бағыты аясында жылдық жоспар 2,6 есеге артығымен орындалып, 3 849 кәсіпкерге қызмет көрсетілді. Аталмыш қызметтердің жартысынан астамы 46 пайызы ауылдық елді мекендердің кәсіпкерлеріне көрсетілген.
Қызметтердің ішінде бухгалтерлік есеп жүргізу, заң қызметтері, сондай-ақ бизнес-жоспарлар және мемлекеттік сатып алу қызметі аса жоғары сұранысқа ие.
Биылғы жылдың өзінде бизнес-мектеп тарапынан бизнес-кеңесші курсынан 846 адам оқып шықты. Бизнес өсу 65 адам, жобалық оқыту 70 адам болды. «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы аясында 115 ауылдық елді-мекендердің тұрғындары оқып шығып, оның нәтижесінде олар мемлекеттік бағдарламаға қатыса алады.
Кәсіпкерлердің құқығы мен заңды мүдделерін қорғау - Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы қызметінің басты бағыттарының бірі болып табылады.
Осы орайда, Палата тұрақты түрде кәсіпкерлерге кәсіби құқықтық көмек көрсетіп, кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделері жергілікті мемлекеттік, құқық қорғау органдарында және сот отырыстарының барлық сатыларында қамтамасыз етеді. Осылайша, Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының құрылғанынан бері кәсіпкерлік субъектілерінен 450-ден аса өтініш келіп түсті, оның ішінде 300-ден аса мәселе (жалпы келіп түскен өтініштердің 60%) кәсіпкердің пайдасына шешілді, сонымен қатар, кәсіпкерлердің құқықтары 1 млрд. 128 млн. 437 мың теңгеге қорғалып қалпына келтірілді. Осы жылдың 9 айының өзінде, Палата кәсіпкерлерден келіп түскен 162 өтініш қаралып, 128 млн. теңге көлемінде 35-тен аса кәсіпкердің құқықтарын қорғады.
Кәсіпкерлерден келіп түскен өтініштердің басым бөлігі жер қатынастар, қала және қала құрылысы салаларындағы жергілікті атқарушы органдардың әрекетіне келеді - өтініштердің жалпы санының 17%, маңыздылығы бойынша екінші кезекте тұрған салық салу - 11%, мемлекеттік сатып алу - 10%, сонымен қатар, қазіргі таңда аталған мәселелердің қатарында монополиялық жағдайға ие газ, электр энергиясымен жабдықтаушы субъектілерінің әрекетіне байланысты мәселелер де жиі орын алуда.
Мысалы, Палата мақсатсыз пайдаланды деген желеумен 129 кәсіпкердің жерлерін заңсыз алып қойған жергілікті атқарушы орган қаулысының күшін жоюға қол жеткізіп, кәсіпкерлердің жер учаскелерін кері қайтарып, құқықтарын қалпына келтірді.
Сонымен қатар, облыстық прокуратура, қалалық жер қатынастар бөлімімен бірлесіп жүргізілген жұмыстар нәтижесінде кәсіпкерлік субъектілерімен жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту барысында жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын белгіленген мерзімге ұзартып төлеу мүмкіндігі жүзеге асырылды. Ендігі жерде, аталған шаралар нәтижесінде бүгінгі күні Палатаға өтініш білдірген кәсіпкерлер 10 млн-ға жуық теңгені құрайтын кадастрлық құнды бөліп төлеу мүмкіндігін алды.
Сондай-ақ, электр энергиясымен жабдықтаушы мекемесі тарапынан кәсіпкерлерден пайдаланған электр энергиясы үшін қосымша есептелген сомманы төлеуді талап ету фактісі бойынша Палата кәсіпкерледің құқықтарын қорғап, олардың 3 млн. теңгеден аса қаражатын сақтап қалды.
Бүгінгі таңда, Палатаның сарапшылары кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша 75-тен аса сот отырыстарына қатысып, нәтижесімен сот процесстерінің 80% кәсіпкердің пайдасына шешілді.
Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша жұмыстарды күшейту мақсатында 2014 жылы Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының жанынан тұрақты жұмысшы орган - Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау кеңесі құрылды.
Ай сайынғы Кеңес отырыстарында кәсіпкерлік субъектілерінің заңды мүдделерін шектеуге, мемлекеттік органдардың әрекеті немесе әрекетсіздігіне байланысты орын алған нақты жағдайлардың шешілу жолдары қарастырылады.
Бүгінгі күні, Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау кеңесінің 13 отырысы өткізілді. Кеңес отырыстарында жүйелі түрде қалаптасқан 37 проблемалық мәселелер қаралып, нәтижесі бойынша 200-ден аса кәсіпкердің заңды мүдделері қорғалып, құқықтары қайта қалпына келтірілді және 9 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілкке тартылды.
Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасымен өңірде дуальдық оқыту жүйесін енгізу және жүзеге асыру бойынша нәтижелі жұмыстар жүргізілуде. Яғни сұранысқа ие кадр мәселелесін шешу мақсатында аймақтың дуальдық оқыту жүйесі бойынша жетістігі ретінде Кәсіпкерлер палатасы мен облыстық білім басқармасының және Қызылорда индустриалды-техникалық колледжінің бірлескен әріптестік жұмысының нәтижесінде республика көлемінде тұңғыш рет бірлескен корпоративтік басқару жобасының жүзеге асырылып жатқандығын айтуға болады.
Сонымен бірге, облысымызда тауар өндірушілерді қолдау мақсатында облыс әкімдігімен бірлесе отырып жергілікті өнімдер каталогын шығару жұмысы қолға алынды. Қазір жинақтау жұмыстары жүргізілуде. Қазірдің өзінде палата ғимаратында «Орда өнімдері» деген арнайы көрме ашып, онда Қызылорда өңірінің өнімдері орналастырылып қойылған. Бұл жергілікті Бизнес-өкілдері үшін жарнама ретінде таптырмас мүмкіндік болып отыр.