Ғалымдар: 2100 жылы темекі шегуден өлім-жітім саны он есеге артады
00:03, 25 Қазан 2015
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ғалымдардың айтуынша, осы ғасырда әлемде миллиард адам темекі шегу салдарынан өмірімен қоштасуы мүмкін. Сарапшылар темекі шегу XX ғасырдың жалғыз індеті деп тануда. Ол 100 миллион адамның өмірін қиған. 2100 жылы темекі шегуден өлім-жітім саны он есеге артады, деп атап өтеді The New Daily.
Жағдайды өзгертуге болады. Алайда статистика алаңдаушылық тудыруда. Егер дамыған елдерде темекі тұтыну төмендесе, ал Қытай, Индонезия, Үндістан, Вьетнамда, керісінше бұл көрсеткіш артып отыр. Әрі шылымқорлардың үштен екісі темекі тұтыну салдарынан өмірімен қош айтысуда. Осыған орай күллі әлем бойынша темекіге деген салықты көтеріп, брендті темекі қораптарына тыйым салу қажет. Осылайша шылымқорларды әдетінен арылтуға болатыны дәлелденген.
Әрі мұндай жүйе денсаулық сақтау қаражатын үнемдеуге мүмкіндік береді. Мысалы, Штаттарда жылына темекіден ауырған адамдарды емдеуге 180 миллиард жұмсалады екен. Алдағы уақытта бұл ұлғаймаса, кемімесі анық.