Зерттеушілердің айтуынша, бұл органдар ежелгі заманда адамдардың тірі қалуы үшін қажет болған, бірақ қазіргі заманда маңызын жойған.
Атап айтқанда, ақыл тісті бабаларымыз талшықты тағамдарды шайнау үшін пайдаланған. Соқырішек тағамдарды қорытқан. Құлақ бұлшық еттері дыбысты анық естуге мүмкіндік берсе, құйымшақ барша адамзаттың «құйрықты» өткен өмірін еске салады.