Калькулятор мәліметтер базасына енгізілген ақпаратты талдайды және денсаулыққа қауіпті факторларды анықтап, оны одан да жақсы күтіп, өмірін созуға мүмкіндік береді.
Атап өтейік, аталған мәліметтер базасы 1999-2014 жылдар аралығында қайтыс болған АҚШ тұрғындарының өлімі себептерінің негізінде құрылған. Мамандар адамның жасын, жынысын және нәсілін есепке алған.
Болжайтын калькулятор осындай оқиғаларды мәліметтер базасы арқылы талдап, оқиға өрбуінің бірнеше сценарийін ұсынады.
Ерекше калькуляторды ойлап тапқан адамның негізгі ойы - адамдарға салауатты өмір салтын ұстануына көмектесіп, сол арқылы түрлі аурулардың даму қаупін азайту.