Мамандар «экологиялық таза» деп белгіленген 37 тұрмыстық химия өнімдерінің химиялық құрамын зерттеді. Зерттеу жұмысы бұл өнімдердің құрамында 156 ұшпа органикалық қосынды бар екенін анықтаған. Олардың 42-сі адам үшін улы болып табылады екен. Әрбір өнім құрамында кем дегенде бір улы қоспадан болған, деп хабарлады "Газета.ру".
Ғалымдар өндірушілер өнім этикеткасында өнімдегі 550 ұшпа қосындының тек 3%-ын ғана көрсеткенін анықтаған. Мамандар адамдар үйде отырғанда улы заттармен көбірек демалады деген болжамын айтты. Олар адамдар қолданатын химиялық заттардың шынайы құрамын зерттеу бойынша жұмыстарын жалғастыруға ниетті.