Вашингтонда америкалық ғалымдар бұл мәселені анықтау үшін бірқатар зерттеу жүргізді. Тәжірибеге жүзден астам жас отбасы қатысты. Зерттеу жұптарда сәби пайда болғанға дейінгі кезеңнен бастап жүргізілді.
Еріктілерді олардың өзін-өзі бағалау деңгейін анықтаған психолог-мамандар тексерді. Үш жылдан соң мұндай тесттен олардан туған балалары өтті. Зерттеу көрсеткендей, балалардың 17 пайызында ғана өзін-өзі бағалау дәрежесі ата-анасынікіндей болмаған.
Мамандар өзін-өзі бағалау қасиеті сәбиге ген арқылы берілетініне сенімді.