Ғалымдар АҚШ-та жаңажылдық және рождестволық безендіруге қанша электр қуаты жұмсалатынын есептеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Американдық үйлер рождество шамдарына мереке кезінде басқа елдердің бір жылда жұмсайтын электр қуатын шығындайды, Жаһандық даму орталғының зерттеушілері осындай қорытындыға келді.

Көптеген американдықтар гүлдестелер мен электр шамдарын өздерінің үйлерінің төбелеріне, ағаштарға іліп қояды. Мерекелік жарықтандыруға 6 млрд. киловатт-сағаттан астам электр қуаты жұмсалады, мұндай шығынды Эфиопия, Танзания немесе Сальвадор сияқты елдер бір жылда жұмсайды, деп хабарлады Би-би-си.

Зерттеушілердің айтуынша, олар американдықтарды рождестволық безендіруден бас тартуға шақырмайды. Зерттеу мақсаты бай және кедей елдер арасындағы электр энергиясын тұтыну айырмашылығын атап көрсету ғана болды.