Бұл өнертабыс нанотехнологияға негізделген. Оны үстел шамдарында, дисплейлер мен лазерлі Wi-Fi үшін қолдануға болады.
Қарапайым лазер монохромды болып келеді. Ал ақ түсті лазер қызыл, жасыл, көк түстерді үйлестіру арқылы алынды. Қалыңдығы бірнеше нанометрлік бет үшін ZnCdSSe құймасы пайдаланылды. Зерттеу жұмыстарын АҚШ әскерилері қаржыландырды, деп хабарлады 24.kz.