Бостондағы (АҚШ) Тафтса университетінің ғалымы Дариуш Мозафаррян мен оның әріптестері PLoS One журналына жарияланған есепті дайындады. Олар мұнда әлемнің 187 елінің алкогольсіз сусындарды тұтынуы бойынша деректер келтірген. Ғалымдар ғаламшар өңірлерінің әрқайсысы түрлі сусынның біріне қатаң географиялық бейімделгенін анықтады.
Мысалы, Швеция, Финляндия, Скандинавияның басқа елдері мен Исландия тұрғындары күніне 1,3-1,6 стақан сүт ішетін болған. Бұл ғаламшардағы орташа тәуліктік нормадан екі есеге жоғары. Ал тропикалық және кедей елдерде сүтті едәуір аз пайдаланады, деп хабарлайды РИА Новости.