«Біз компьютерлік картографияның жаңа әдісін құрастырдық. Ол адамның бет-әлпетінің үйлесімділігін дұрыс болуы үшін қандай өзгерістер енгізу керектігін көрсетеді», - деді орталық басшысы доктор Джулиан Де Силва. Технология көмегімен 30 жастағы Херд беті идеалды деп есептелетінмен 91,85 пайыз сәйкес келеді.
Daily Mail ақпаратынша, әдістемеге сүйеніп хирургтар өзге белгілі тұлғалардың беттерін де идеалды деп тапты. Олардың ішінде Ким Кардашьянның қасы, актриса Скарлетт Йохансонның көзі, Рианнаның бет пішіні, модель Эмили Ратаковскидің ерні мен супермодель Кейт Мосстың маңдайы.