Мамандар түрлі дәлелдер келтіре отырып, бұл аурудың Конго астанасы - Киншаса қаласынан тарағанын анықтап отыр. Індет приматтардан адамға алғаш жұққан кезде дәл осы шаһарға әлемнің түкпір-түкпірінен ер және әйел адамдар көп келетін болған. Осы себепті індет жер-жаһанға тез тарап кеткен.
Бүгінгі таңда, статистикалық деректерге сүйенсек, әлемде осы дертке шалдықпаған адамы бар ел жоқ. Ал аты жаман аурудан құлан-таза айықтырып жіберетін дәрі әлі де болса табылмай келеді, деп жазады planet-today.ru.