АҚШ-тың Огайо штатының мамандары дүниеге жаңа ғана бала әкелген әйелдердің әлеуметтік желілердегі 128 парақшасын тексерді.
Жас аналардың 100 пайызы желіге нәрестелерінің фотосуреттерін салып, оларға түсініктемелер мен лүпілдерді күтетіні анықталды.
Алайда, фото әйел күткендей бағаланбаса, бұл оның эмоционалдық жағдайына кері әсерін тигізеді.
Осылайша, кейбір аналар «лүпілдер» мен түсініктемелерге тәуелді болып қалады.
Бұдан басқа, мамапдар әлеуметтік желілерде көп уақытын өткізіп, өздерін бала тәрбиелеуде нағыз маман есептейтін аналар тобын бөліп өтті. Бұл үшін олар парақшалары мен тақырыптық топтарда сағаттап «отырып», бала тәрбиелеу бойынша сөз таластырады.
Жас аналардың желінің басқа пайдаланушылармен тым эмоционалдық қатынасы бала туудан кейінгі депрессияны ауырлатып, психологиялық ауытқуларға әкеліп соқтыруы әбден мүмкін, деп санайды ғалымдар.