Олар ғаламшарда жоғары температура осылай жалғаса беретін болса, Дүниежүзілік мұхит деңгейі көтеріліп, АҚШ, Австралия, кейбір еуропалық қалаларды су басуы мүмкін екенін айтады.
Қазір Арктикада халықаралық экспедиция жұмыс істеуде. Олар мұздың еру жылдамдығы 25 пайызға ұлғайғанын анықтады. Мұндай қарқын сақталатын болса, 2045 жылы Дүниежүзілік мұхит қатты жамылғысынан толықтай айырылуы ықтимал.