Ғалымдар: Аралар адамдарды аштық пен аурудан қорғайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бал аралары адамдарды аштық пен қауіпті аурулардан қорғай алады. Ғалымдар жаңа зерттеу барысында осындай тұжырымға келіп отыр.

 Мамандар бұл жәндіктер көп пайдалы затты қамтитын бірегей өнім құрай алатынын айтуда.  Сарапшылар бал адам ағзасы үшін маңызды қызметті атқаратынын нақтылайды.

Аралардың дәрі препараттарына орнықты зиянды микроағзалармен күресте адамзатқа елеулі жәрдемі бар.

Мамандар бұл нектарды анибиотиктің  аналогы ретінде пайдалануға ниетті, деп хабарлады VistaNews.