Ғалымдар: Артық салмағы бар ер адамдар ұзақ өмір сүре алмайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Артық салмақтың денсаулықты жақсартпайтыны белгілі. Алайда британдық ғалымдардың соңғы зерттеуі әйелдермен салыстырғанда, денесін май басқан, артық салмағы бар ер адамдардың 70 жасқа жетуі сирек кездеседі.

Кембридж университетінің ғылыми қызметкерлері 4 миллион адам қатысқан ірі көлемдегі зерттеу жүргізді.

Ғалымдар өткен зерттеулердегі мәліметтерді қортындылап, артық салмақ пен мезгілсіз өлімнің тығыз байланысын анықтады. Толық ер адамдардың 30% 70 жасқа жетпей қайтыс болады. Ал қалыпты формадағы ер адамдардың 19% түрлі себептермен 70 жасқа жете алмайды. 

Мамандардың айтуынша, артық салмақ жүректің ишемиялық ауруы, қатерлі ісік ауруы және инсульт пен тыныс алу жолдары ауруының туындау қаупін ұлғайтады.

Және мамандар толық ерлердің әйелдерге қарағанда жиі мезгілсіз қайтыс болатынын айтуда және салмақтың 10% азайту өмірді 10%-20% ұзартуға мүмкіндік береді екен, деп жазады шетелдік БАҚ.