ҒАЛЫМДАР: Артық салмақтан арылу ұйқыны жақсартады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық ғалымдар артық салмақтан арылу көңіл күйді көтеріп, ұйқыны жақсартады деген тұжырым жасауда.

Мамандар екі жыл бойы семіздікке шалдыққан 390 әйел адам мен ер адамға бақылау жүргізген. Нәтижесінде кей адамдар салмағының 5-ақ пайызынан арылса да, салмағы өзгеріссіз қалған жандарға қарағанда көңіл күйі көтеріліп, жақсы ұйықтаған.

Ғалымдардың айтуынша, артық салмақтың адам ұйқысына тигізетін әсері әлі де тереңірек зерттеуді қажет етеді, деп жазады шетелдік БАҚ.