Гарвард мектебінің Қоғамдық денсаулық сақтау тобы қатты ашудан кейінгі екі сағатта адамның жүрек талмасына шалдығуының мүмкіндігі бес есеге, ал инсультке ұшырау қаупі үш есеге артатынын анықтады.
Мың адамның деректері негізінде жүргізілген зерттеу қорытындысына қарағанда, долылықтың кері әсері жинақтала береді және адам жиі ашуланған сайын жүрек ауруларының қаупі де жоғарылай түспек.
Ғалымдардың атап өтуінше, ашу-ызаның алдын алу үшін қолданылатын адамды тыныштандырудың психологиялық ем-домының әсері дәрі-дәрмекпен бірдей нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді, деп хабарлады ВВС.