Ғылыми тәжірибеге офицерлермен шаңырақ құрған 1480 әйел қатысыпты. Зерттеу кезінде олардан күйзеліске қаншалықты жиі ұшырайтыны, өмірге көңілінің толатыны-толмайтыны, дәрігерге қаншалықты жиі көрінетіні туралы сауалдар қойылды.
Ақыры жауынгер жұбайларының 54%-ның үнемі ұйқысы қашып, соның кесірінен күні бойы мазасыз күйде жүретіндіктері анықталды. Ал бұл әйелдердің 62%-ының апта ішінде қатты шаршап-шалдығатын кездері болады екен.
Мамандардың айтуынша,тек түрлі соғыс қимылдары болған аймақтарда қызмет етіп келген әскерилерге ғана емес, олардың отбасы мүшелерінен, бірінші кезекте жұбайларының хал-жағдайына басты назар аудару керек.