Осы зерттеу шараларымен Испания, Швеция, Чехия, Ұлыбритания және Португалия секілді еуропалық елдер қамтылды. Сарапшылар 11-19 жас аралығындағы 7 мыңнан астам жасөспірім арасында сауалнама жүргізген көрінеді. Сарапшылардың атап өтуінше, жасөспірімдердің жаман әдеттерге деген құмарлығына шалдығу қаупін төмендету үшін ата-аналар балаларының тәрбиесінде ақылға қонымды іс-қимылдар жасап, шектен тыс қаталдықтан аулақ болуы тиіс.
21:55, 14 Маусым 2014
Ғалымдар: Ата-аналардың шектен тыс қаталдығы балаларын алкогольге құмарлығын арттырады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ата-аналардың шектен тыс қаталдығы балаларының есірткіге, алкогольге және темекіге құмарлығын арттыруы мүмкін. Бұл туралы Еурпалық профилактика проблемалары институтының зерттеуінде айтылған.