Ғалымдар: ата-анамен қарым-қатынастың нашарлауы семіздікке әкеледі

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ата-аналар балаларына тәрбие жағынан ғана емес, сонымен қатар олардың физикалық жағдайына әсер етеді.

14 пен 24 жас аралығындағы адамдардың қатысуымен тәжірибе жасаған канадалық зерттеушілер осындай тоқтамға келді.  

Мамандар 3 700 қыз бен 2 600 жігітке ата-аналарымен қарым-қатынасына қатысты бірқатар сұрақ қойды. Сонымен қатар, ғалымдар тәжірибеге қатысушылардың денсаулығын тексерді.

Қыздардың 60% және ұлдардың жартысы ата-анасымен қарым-қатынаста еш проблема жоқ екенін айтты.  

Нәтижесінде олар тәжірибеге қатысқандардың арасындағы денсаулық жағдайы бойынша көш бастады.

Ата-анасымен арадағы қарым-қатынасқа шағымданбаған, белсенді өмір салтын жүргізген, дұрыс тамақтанып, дұрыс ұйықтаған жігіттер мен қыздар семіздік пен тәбетсіздікке сирек ұшыраған.

Тәжірибе көрсеткендей, анасымен емес, әкесімен байланысы берік болғандардың жағдайы жақсы болады.