«Ата-ананың баласына шамадан тыс ақша беруі психикалық проблемалардың негізі болған эгоизм мен нарциссизмге әкеп соғады. Ата-аналар өткен өміріндегі , балалық шағындағы көрген қиындықтары қайталанбасын деп баласына ақшаны үйіп-төгу арқылы өз балаларының болашағына балта шабуда», - дейді Калифорния институтында көлемді зерттеу жүргізген психолог мамандар.
Осындай шешімге келген бұл эксперименталды зерттеуді ғалымдар 20 жыл бойы жүргізген. Психологтар түрлі әлеуметтік деңгейдегі көптеген америкалық отбасын бақылап, ақшаны ерте таныған балалардың ешқандай жақсылыққа жетпегенін жазды. Кем дегенде бес жастан кейін баланың қолына ақша ұстату керек дейді ғалымдар.