Ғалымдар: Ауаның ластануы бүйректің ауруына түрткі болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауаның ластануы Қытайда өзекті мәселе болып отыр. Сондықтан болар қытайлық ғалымдар ауаның ластануы адамдарға қалай әсер ететінін тексеру үшін зерттеу жүргізді.

Зерттеушілер ҚХР-дағы 282 қаланың 938 ауруханасындағы шамамен 72000 науқастың бүйрек биопсиясын тексерді. Нәтижесінде ауасы ең лас қалаларда тұратын адамдарда бүректердің істен шығуына әкеліп соғатын иммундық жүйесінің бұзылуы мембранозды бүйрек дерттері артып келе жатқанын анықтады.

11 жыл қатарынан зерттеу жүргізген ғалымдардың сөзіне қарағанда, мембранозды бүйрек ауруына шалдығу жыл сайын 13% артады.

Атап өту керек, жыл сайын біздің планетамызда ауаның ластануы салдарынан 5,5 миллионнан астам адам ажал құшады, деп жазады шетелдік БАҚ.