Бұл теломерлердің қысқаруына байланысты. Олар қартайған кезде қысқарады.
Теломерлер күйзеліс немесе ДНК-ны бұзатын өзге үрдістерден де қысқарады. Ғалымдар 10-14 жастағы 97 қызды зерттеуге қатыстырған. Олардың ішінде өмірдің қиындығын көріп жүргендері де бар еді.
Қатысушылардың барлығы күйзеліс тестілеуінен өтіп, өмірде болған жағдайлары туралы баяндады. Тестілеуге дейін және одан кейін кортизол - күйзеліс гормонының деңгейі тексерілді. Күйзелістің жоғары қаупі бар 12 жастағы қыздарда теломерлердің шамадан артық қысқарғаны байқалған. Теломерлердің қысқаруы күйзеліске әкелетін көрінеді, деп жазды MedDaily.