15-апталық зерттеу барысында әйелдерге аптасына үш рет бір сағаттан футбол ойнауды ұсынылып отыр. 15 аптадан кейін систологиялық және диастологиялық қан қысымының деңгейі сынапты бағанның 12 және тиісінше 6 миллиметріне дейін төмендеген. Сонымен бірге әйелдер орташа 2,3 келі майдан арылған.
Бастапқыда олардың қан қысымы аздап жоғары болған. Футбол жүзуге қарағанда, екі есеге қан қысымын төмендетуге мүмкіндік берген.
Бұдан басқа, осыған дейін футболға қызығушылығы болмаған әйелдердің өзіне футбол ойнау қатты ұнаған. Олардың 90 пайызы ойынды қалт жібермеген. Зерттеуден кейін қатысушылар өздерінің футбол клубын құрған.
Сонымен бірге холестерин төмендеген. Төзімділік тестінде әйелдер екі есе көп жүгірген, жүрек соғысы жиілігі минутына 14 рет соққан.